1

Кіру

1 желтоқсан

1      желтоқсан – тұңғыш Президент күні.

«Үстімде – аспан, астымда –жер, ортасында - мен» деген тәкаппар қазақ хандары мен батырларының  ұрпағына қалдырған кең даланы- қасиет ордасы деп танисың.

Біз ұлан ғайыр даланы ақ білектің күшімен, ақ семсердің ұшымен қорғаған батыр бабалардың арманына адал болуымыз керек. Олар тәуелсіз, азат мемлекет құруды аңсады. Осы арманды ақиқатқа айналдыру бақыты – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевқа бұйырыпты.

Еліміздің  тәуелсіздік алуы, әлемге танылуы, елбасының есімімен байланысты. Қазақ елін болашаққа бастады, оттан сақтап, оқтан қорғап, елі үшін талай додаларға түскен.

Тәуелсіз  24  жылда: БҰҰ –на мүше болды; ядролық қарудан бас тартты; ғарышқа тұңғыш ғарышкерлерді ұшырған;  Еуропа қауіпсіздігі мен ықпалдастық ұйымына төрағалық етті;жаңа Астана салды; Саммит, Азиада ойындары өткізілді.

 Қазақстанның кезекті  биік белесі - «ЭКСПО- 17» әлемдік көрмесінің Астанада өткізу мәртебесіне лайық  деп табылуы, жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның  дамуы – мемлекет басшының еңбегі.

Кешегі «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалды: өсім, реформалар, даму» Қазақстан халқына жолдауын ықыласпен тыңдалды,7 мүмкіндік бағдарламаны  ауылдастар пікірлерінше бір жауапты болды, бәрі жастар үшін, ұрпақ үшін, қолдаймыз!

Ауыл Мәдениет үйінде ұйымдастырған концерт бағдарламасы патриоттық  «Атамекен», «Мен қазақпын», «Қазақтай ел қайда?» әндерімен жалғасын тапты.  Көпшіліктің көңілінен шықты.

«Елін сүйген, елі сүйген  Елбасы» дені сау болсын, өмір жасы ұзақ болсын, әрқашан жолы болсын! Тәуелсіз Қазақстан гүлдене берсін!  «Біз Президентпен біргеміз!»                                                                       

                                                                                        Федоровка ауылы

                                                                                         Байжунусова А.Ж.

20151130 162652 1 декабря