1

Кіру

Ең жақсысы қуана білу

Ең жақсысы қуана білу

Оқу аяқталып көптен күткен  жайдарлы жаз да келіп жетті. Мектебіміздегі «Сәулелер» сауықтыру лагері құшағын жая балаларды қарсы алды. «Керемет»  десе керемет!- деп балалардың қуанышына шек жоқ:  ойын, демалу бөлмелерінің безендірілгені,  яғни  түрлі түсті ертегі кейіпкерлердің суреті, хош иісті гүлдері, көркем әдебиетті кітапшалар жинағы,  балаларды қуантты.

Тәрбиешілер балалардың бойындағы дарыны мен талантын, қабілеттерін аша түсуге мүмкіндік жасады. Біздің лагерде  жетім және  ата- ананың  қамқорлығынсыз қалған жеткіншектер, аз қамтамасыз етілген отбасының балалары тегін демалуда.

«Жылы- жылы сөйлесең, жылан інінен шығады» деген сөзге сүйеніп, әр баланың жадырап жүруіне,  жазғы демалысын көңілді, тиімді өткізуіне, әрдайым жылы қатынаста болуына, өзін жақсы сезінуіне,  қызықты,  күнтізбелік жоспар  құруды жөн санадық.

 Түрлі  байқаулар,сайыстар мен ойындар, қызықты  іс- шаралар, денсаулықты нығайтуға байланысты таңертеңгі бой жазу  жаттығулары  жасалып, екі мезгіл таза ауаға шығарылды. «Біз бәріміз біргеміз», «Нептун күні», , « Аман есен жүрейік, «Көңілді жарыстар» спорттық ойындары өткізілді.

 Қауіпсіздік  ережелері туралы білімдерін бекітіп ,  төтенше жағдайда тәртіп сақтай білу жайлы « Жол ережесін білейік»  іс- шараға белсенділікпен қатысты..

 « Лагерь аруы», «Бақытты сәт», «Не? Қайда? Қашан?», «Қазақ тілі білімпаздары» байқаулардың жиі  ұйымдастырылғаны балаларға ұнайды. Мектеп жанындағы «Бөбек» шағын орталығына қамқорлық акциясымен  барып, ертегі қойылымы  қойылды. Балалардың қуанышына шек жоқ. Ең бастысы лагерьдегі   әрбір күн ең қызықты, есте қалар із қалдырады.

Гүлдей жайнап, тоты құстай таранған,

Кеудесінде сарқылмайтын бір арман.

Алтын күнмен  төңкерілген көк аспан,

Бөбектердің күлкісімен жаралған.

Ол бөбектің көзде жанған шырағы

Ата- ананың қуанышы бірінші.

Келешекте осы балаларға  үлкен сенім, өйткені менің ауылым сәулеті асқан, дәулеті тасыған руханияты дамыған берекелі де, мерекелі құтты мекенім деп есте қалдыратындай демалыстарын сәнді, мәнді өткізуіне  тырысамыз.

Байжунусова А.Ж.

Федоровка мектебі

Качир ауданы