1

Кіру

.

 

20181130 101639

 

20181130 101542

 

 

 

 

Федоровка орта жалпы білім беру мектебі

«Тіл айлығы» шеңберінде өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат

Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру, үш тілдік саясатын дамыту- Қазақстан республикасының «Қазақстан республикасындағы тілдер туралы» Заңын жүзеге асыру бойынша жүргізілетін жұмыстарының негізін құрап отыр. Қазіргі уақытта көп тіл білу- өмір заңы. Сондықтан әр жасөспірім өз болашағын қазірден бастап ойлап, жоспар құруы қажет және бір шет тілін меңгеруі міндет. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін Федоровка мектебінде төмендегідей жұмыстар жүргізілді.

Қазақ, орыс және ағылшын тілі мұғалімдері Саттарова К.К., Алтынгужинова Г.Б., Бегимбаева Г.Ж., Мукашева К.К. және Капанова Л.Ж. мектептегі өтетін тілдер айлығының бет- пердесін ашатын лездемені сауатты, қызықты және танымдылық тарапынан өрісі кең мәтіндер мен тақпақтарды үйлесімді пайдалана отырып жұртшылыққа сыйлады. Орыс сыныптарының оқушылары Зураев И., Сосько В., Беляева В., Каиркен С. және Габун А. мәнерлеп қазақ тілі туралы қазақ тілінде тақпақтар оқыды. Ана тілімізді көзіміздің қарашығындай сақтап, оны дәріптеу- бізге ата- бабаларымыздан қалған аманат екенін Ермекова Д., Октябрят Г., Хурметхан М. баса айтылды. Сонымен қатар өскелең заман талабы- көптілділік болса, оған қол жеткізуде оқушылар үшін барлық жағдай бар екендігін үш тілде тыңдаушыларға Махамбетова А. және Березовский Д. жеткізе білді. Ағылшын тілі мұғалімі Мукашева К.К. мәнерлеп ағылшын тілінде жүрекжарды сөздерін жеткізді.

         31102016

16- қыркүйек күні Садетхан Женисгул қазақ тілінде тақырыптық және анимациялық фильмдер көрсету ұйымдастырды. Орта және жоғары буын оқушыларына интерактив тақта көмегімен қазақ тілінің тарихы, мәртебесі және Елбасы анықтап берген оны өркендету белестері туралы айтылды. Көрсетілген фильмдерде қазақ тілінің мәңгілігі мен болашағы үшін аянбай қызмет жасаған тіл қырандары мен тарихи тұлғалары сомдалды. Тарихқа көз жүгіртіп, болашаққа қол созуға үндеді.

     

«Полиглот- это звучит модно!» тақырыптық кеш ұйымдастырушылар- бастауыш сыныптардағы ағылшын тілі мұғалімі Мукашева К.К. 22- қыркүйек күні 4- ші сынып оқушыларымен «Подарок для королевы» атты ойын- сабақ өткізді. Оқушылардың белсенділігі өте жоғары болды. Ағылшын тілін үйренудегі олардың біршама табыстарға қол жеткізгендері оқушылардың сабаққа қатысулары, олардың тапсырмаларды қызығушылықпен орындағандарынан көрініп тұрды. Тапсырмалар балалардың жасына сай, сан алуан түрде таңдалынған.

31102016-1

    

Осы күні орта буын оқушыларымен қызықты интеллектуалды сабақты Шабанбаев Р. И. жүргізді. Ол «Полиглот» деп аталды. Рухани байлықтың негізі- тілдер туралы қызықты мәліметтер берілді. Тіл арқылы ұлттық құндылықтарды арттыру мен әр түрлі ұлт өкілдерінің бір- біріне сыйластықпен қарау керектігі басым айтылды. 5,6,7,8 «Б» сынып оқушылары бұл сабаққа үлкен дайындықпен келді. Тапсырмалар үш тілде берілгені үлкен қызығушылық тудырды. Мақал- мәтелдер үш тілде айтылып, ұяшықтар толтырылды. Бұл тапсырманы 6- шы сынып оқушылары табысты орындады. 7-8 сынып оқушылары «Саяхатшы сөздер» турында озып шықты. Капитандар сайысында қатысушылар өз көшбасшыларына жан күйдірді. 5- ші сынып оқушылары әлем картасын ынтамен толтырды.

  

Ата- аналар арасында үштілділікті оқытуды енгізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ата- аналар жиналысында лекциялар оқылуының маңыздылығы туралы сынып жетекшілерімен жұмыс жүргізу жоспарланды. Мектептің кіре берісіне баннерлер және плакаттар ілінді. Көптілділік- заман талабы екенін әрбір оқушы, мұғалім және ата- анаға жеткізу үшін ақпараттық құралдарды пайдаланып отыру қажеттілігі сынып сағаттарында айтылу үшін жылдық тәрбиелік жоспар мен мектептің оқу жоспарына енгізілу ұсынылды. Аса назар ағылшын тіліне аударылды. Осы тілді оқушылармен қатар мұғалімдер де қарапайым ауызекі сөйлесуге қажет болған дағдыларды үйрену үшін ағылшын тілі мұғалімдері үйірмелерін жүргізіп, оған тарту жолдары қарастырылды.

 «Тілдер айлығы» аясында Качир ауданы Федоровка жалпы орта білім беру мектебінде ұйымдастырылатын жұмыс жоспары жасалды. «Бір ел- бір кітап» республикалық акция аясында 27- қыркүйекте Дулат Бабатайұлы шығармашылығына арналған әдеби кеш өткізілді. Іс- шараны ұйымдастырушы- кітапханашы Бакенова Г. С. Аталмыш кеште оқушыларға ақынның пәлсафалық көзқарастары мен ағартушылық- әдеби еңбектері туралы ақпараттар берілді. Ұлы қазақ даласындағы зияткерлік нышандарын өркендетуге қосқан қызметі баса айтылды. Кешке 9 «А» және 9 «Б» сынып оқушылары ат салысты.

   

Мектепішілік авторлық Оқуларын өткізу жоспары жасалып, «Жыр жауһары - Мұқағали» атты Мұқағали Мақатаев оқулары ұйымдастырылды. Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіретін таныту, ақынның өлеңдерін оқи отырып, көркем сөз оқу шеберліктерін шыңдау,  ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту- аталмыш іс- шара мақсаты болды. Кешті ұйымдастырғандар- Алтынгужинова Г.Б., Саттарова К.К., Нугманова Н.Т., Байжунусова А.Ж. Сонымен қатар 9- 10 сынып оқушылары белсенді қатысты.

         

«Тілдің мерейі- елдің мерейі» сынып сағаттарын ұйымдастыру мектептің оқу- тәрбие жұмыстары бойынша директордың орынбасарларымен үйлестіре отырып жұмыс жоспарларда өз көрінісін тапты және әкімшілік тарапынан қолдау көрсетілді. Қыркүйектің 24-і күні сыныптарда «Тілдің мерейі- елдің мерейі» атты сынып сағаттары ұйымдастырылды.

   

Тілдер айлығы аясында өткен ашық сабақтардың бірі- 9 «Б» сыныбындағы орыс тілінің ұлтаралық қарым- қатынас құралы екендігін айқындайтын тұстарын көрсете білетін тапсырмаларға толы Бегимбаева Г.Ж.-ның сабағы болды. Оқушылардың шығармашылық шыңдайтын үнқағаз жасалды. Ұнқағазға қазақ тілі мен орыс тілінің мәтебелерін асқақтататын өлең қатарлары өрнектеліп жазылды. Екі елдің елшілік белгісі- тулары желбіреді. Ұлы ғұламалардың тіл туралы айтқан қанатты сөздері кең пайдаланылды. Сабаққа Аманжолова Р., Молчанова В. Сасько Д. және Бациева Ю. белсенді қатысты. Жүргізілген сабақ оқушыларға көптеген танымдылық ақпараттар жеткізді.

      31102016-2

«Тіл- достықтың құралы» тілдер фестивалін өткізу- жүргізілген жұмыстың түйіні болды. Фестиваль тілді құрметтеуге, оны дәріптеуге және оның тазалығы үшін күресуге шақырды. Фестиваль үш тілде жүрде: қазақ тілінде тарих пәні мұғалімі Базархан Н., орыс тілінде- Капанова Л. Ж. және ағылшын тілінде Мукашева К.К. жүргізді. Сахна безендіріліп, кітапхана меңгерушісі Бакенова Г.С. кітап көрмесін жасады. Тіл айлығының қорытындысы жасалды. Қатысушыларға қошамет көрсетіліп, қолпашталынды. Іс- шара тақпақ- өлеңдермен әрленді. «Әр қашан күн сөнбесін!» әні үш тілде шырқалды. «Ананың тілі» әні кештің ең сәтті шыққан кезі болды- ол әнді оқушылар да, мұғалімдер де, қонақтар да қосылып айтты.

                

Қорыта келгенде, «Тіл айлығы» аясында жоспарланған жоспар бойынша ұйымдастырылып, жүзеге асырылды. Алға қойылған мақсаттар мен міндеттер орындалды. Жоспарланған жұмыстар жыл ағымында жүргізіледі.

                  ӘБ жетекшісі:   Бегимбаева Г.Ж.