1

Кіру

Жайдарлы жаз

Жайдарлы жаз

         Оқушылардың жазғы демалысындағы демалуы, денсаулығын нығайтуға және демалыс кезіндегі уақыттарын тиімді қамтамасыз ету мақсатында Федоровка ЖОББМ мектепішілік «Сәулелер» лагерінде 50 оқушы дем алды. 2 мамырдан 8 шілде аралығында «Сәулелер» лагері екі кезеннен тұрды. Осы лагерде аз қамтылған, көп балалы отбасылардың балалары, тубвираж және тубинфицирленген оқушылар болды.

Әр күн қызықты да мағыналы өтіп, денелері шынықты. Балалар лагерьде күде таңертенгілік жаттығуларының түр түрін орындап шықты. Дене шынықтыру мұғалімі Галегузов А.В. көңілді эстафеталар мен жарыстары, таза ауада қимыл қозғалыс ойындарды жүргізді. Соңғы күнде балалар «Ертегілер елінде» атты ертегісін койып тәрбиешілер мен ата-аналардың көңілдерінен шыға білді.

Сонымен қоса демеушілердің қолдауымен лагердегі 12 оқушы Теренколь ауылына экскурсияға барып келді. Теренколь ауылының аудандық кітапханасында, мәдениет үйінде, Ертіс жағалауында, ойын алаңдарында болып қайтты.

 

         Федоровка ЖОББМ

 Тәрбие жұмысының менгерушісі

Сыздыкова Г.Е.

 

DSC05945