1

Кіру

Ата-Аналарға Ақпарат

ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДАН

САҚ БОЛЫҢЫЗ!

Деструктивті діни ағымдар қоғамдық қауіпсіздікке, неке және отбасы институтына, адам денсаулығына қатер төндіреді.

Олардың жақтастары:

  • Қазақстанда тұратын барлық этностардың ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлерін (Наурыз мейрамын тойлауды, қазақ халқының «бет ашар», «сәлем салу» салттарын, өмірден озған жандарға Құран бағыштауды және т.б.) жоққа шығарады;

  • зайырлы мемлекеттерге және зайырлы өмір сүру салтына қарсылық танытады;

  • мемлекеттік рәміздерді және мемлекеттік мерекелерді құрметтемейді;

  • мазхабтарды (Орталық Азияда және мұсылман әлемінің басқа да аймақтарында орныққан діни мектептерді), оның ішінде Қазақстанның көпшілік мұсылмандары ұстанатын ханафи мазхабын жоққа шығарады;

  • дәстүрлі исламды ұстанатын мұсылмандарды күпірлік жасайды да айыптайды, өзге діндердің өкілдері мен дінді ұстанбайтын адамдарға төзімсіздік танытады;

  • заманауи мәдениет және өнер түрлеріне (музыка, балет, бейнелеу өнері және т.б.) өшпенділік танытады;

    • заңда белгіленген міндеттерді (әскерде қызмет ету, міндетті орта білім алу және т.б.)орындаудан бас тартады;

    • медициналық рәсімдердің кейбір түрлерінен (қан құю, вакцинация, ағза мүшелерін трансплантациялау және т.б.) бас тартады;

    • білім мекемелеріндегі жекелеген пәндерге (биология, дене шынықтыру, ән-күй, сурет салу және т.б.) қатыспауға шақырады.

    ҚР ДІАҚМ Дін істері комитеті

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ –

    ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТ

    Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы басты құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, кұқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде өзін орнықтырады.

    ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ – ОЛ:

    - мемлекеттің діннен және діни бірлестіктерден бөлінуі;

    - азаматтардың дінге деген көзқарастарына қарамастан теңдігі;

    - азаматтардың дінді таңдауғажәне діннен бас тартуға құқығын қамтамасыз ету;

    - рухани оқу орындарынан басқа білім беру ұйымдарында қандай да болсын дінді насихаттауға жол бермеу;

    - қоғамда әлеуметтік қатынастарды діни догмалармен емес, елдің заңдарымен реттеу.

  •  

    ҚР ДІАҚМ Дін істері комитеті

    Сіз дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мәселелері бойынша сенімді ақпарат алғыңыз келсе, келесідей сайттарға жүгінуді ұсынамыз

    1. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ресми интернет-ресурсы -«www.din.gov.kz»

    2. «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы»  РММ-нің сайты«niac.gov.kz»

    3. «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» РММ-нің сайты - «mckr.kz»

  •  Сіз ислам дінінің мәселелері бойынша сенімді ақпарат алғыңыз келсе, келесідей сайттарға жүгінуді ұсынамыз

    1. «e-islam.kz»

    2. «muftyat.kz»

    3. «azan.kz»

    4. «muslim.kz»

    5. «ummet.kz»

    6. «sunna.kz»

    7. «fatua.kz»

    8. «islam-atyrau.kz»

    9. «mazhab.kz»

    10. «islam.kz»

    ҚР ДІАҚМ Дін істері комитеті